Research indexJournal article
ТАРИХИ РОМАНДАҒЫ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Сүтжанов, Құралқанова, Имантай
Bulletin of Toraighyrov University Philology series14 Oct 2020
ТАРИХИ РОМАНДАҒЫ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Сүтжанов, Құралқанова, Имантай · Bulletin of Toraighyrov University Philology series · 2020 · Subscription
The full text is at the publisher
You can read the abstract here, or open it at the publisher.
Abstract
"Мақалада Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы тартыс пен кейіпкерлер жүйесі зерделеніп, туындыдағы тарихи шындық пен көркемдік шешімінің ара қатынасы ашып көрсетілген. Тарихи оқиғаны, тарихи тұлғаны сомдауда көркем прозамызда тамаша үлгі – М. Әуезов дәстүрі бар еді. Ұлы суреткердің қаламынан туған «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерумен бірге ұлттық әдебиетте өміршең дәстүр қалыптастырды. Өзінің шығармашылық жолында оннан астам роман жазған Рамазан Тоқтаров аса күрделі де қиын, көтерер жүгі орасан зор тақырып – Абай тақырыбына барды. Жазушы Абай туралы үлкен туындысына роман-хамса деген атау берді. Сөйтіп қарымды қаламгер қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық енгізді. Суреткер мұрағат құжаттарында кездесетін құрғақ деректерді қайталаумен шектеліп қалмай, Абай өміріндегі тарихи шындыққа сәйкес келетін деректерді шеберлікпен көркемдік дәрежеге көтере алған. Бұл – тарихи шындықты, тарихи тұлғаны қазіргі заман тұрғысынан танып, бағалағанын айқындайды. Ол дүниеге әкелген «Абайдың жұмбағы» романы – жанр талаптарына толығымен жауап беретін көркем туынды. «Абайдың жұмбағы» романы – өз алдына жекелей қарастырып, жүйелі зерттеуді қажет ететін туынды. Мақалада осы мәселеге назар аударылған. "