NobleBlocks

Research indexJournal article

КВАДРОКОПТЕР АРҚЫЛЫ ОБЬЕКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІН ҚҰРУ

Байзыханова, Бисенбай, Әмір

Bulletin of Toraighyrov University Philology series29 Mar 2021Open access

DOI10.48081/tkxf4687

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

"Объектілерді динамикалық сәйкестендіру қазіргі Қазақстандағы айқын проблема болып табылады. Камерадағы заттарды анықтау күрделі схемаларға негізделген. Осы ғылыми жұмыс барысында объектілерді дрондар арқылы анықтау мүмкіндігі берілген. Бұл әдістер үнемді және кең қолданыла алады. Сымсыз әуе кемелерінің классификациясының ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталған. Квадрокоптерді жобалау алгоритмі келтірілген, есептеулер мен дронның процестерін ұйымдастырудың негізгі нүктелері келтірілген. Заттарды және олардың күрделілігін анықтау әдістері талқыланады. Орналасудың динамикалық өзгеруімен объектілерді нүктелік анықтауға негізделген анықтау алгоритмінің мысалы келтірілген. Квадрокоптердің қозғалтқыш процесінің формулаларын есептеу нәтижелері көрсетілген. Нысанды анықтау алгоритмдерін қолдануға ыңғайлы квадрокоптерлердің негізгі түрлері талданады. Мақалада көрсетілген алгоритмді қолданудың жағымды жақтары, сондай-ақ квадрокоптер жасау технологиясы бойынша практикалық және міндетті материалдар келтірілген. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері мен салыстырулары көрсетілген. Бағдарламалау Matlab бағдарламасында квадрокоптер моделі жасалған жерде жүзеге асырылды. Барлық блоктар бағдарламаланған және жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін белгілі параметрлер мен есептеу нәтижелері көрсетілген Simulink ішкі бағдарламасы қолданылды. Алынған мәліметтерге сәйкес нәтижелерді талдау объектілерді анықтаудың дайын алгоритмінің динамикалық деректерін өлшеу кезінде келтірілген. "

Discussion

Citations

Topics

More

Suggest a correction or report