NobleBlocks

Research indexJournal article

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР

Абаева

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics Series31 Mar 2022Open access

DOI10.48081/pyez5909

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Мақалада көшбасшылық, көшбасшылық әлеует феномені қарастырылады, осы тұжырымдаманы түсіндірудің әртүрлі амалдары ашылып, көшбасшылық туралы идеялардың даму тарихына қысқаша шолу жасалады. Курсанттардың көшбасшылық әлеуетін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттарын ашатын отандық, ресей және шетел ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалып, аталған феноменнің табиғатын түсіндіретін концепцияларға өзіндік көз-қарас түзілді. Ұйымдық құрылымдарды басқарудағы көшбасшылық қабілеттердің, әлеуеттің маңыздылығы дәлелденеді. Әскери істердегі көшбасшылық әлеуетін құрайтын қасиеттер талданады. Сөйтіп, жүйелік талдау көшбасшылық феноменін оның құрылымдық құрамдас бөліктерінен қарастыруға мүмкіндік береді. Курсанттардың көшбасшылық әлеуетін дамыту үшін педагогикалық шарттарды анықтау қажет. Көшбасшылық әлеуетін дамыту бойынша жүйелі, бірізді жұмыс жүргізбес бұрын, ең алдымен курсанттардың бастапқы психикалық қасиеттерін, мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау қажет. Мақалада курсанттардың көшбасшылық әлеуетін құрайтын қасиеттердің авторлық классификациясы айқындалған. «Көшбасшылық қабілеттерін диагностикалау» (Е. Жариков, Е. Крушельницкий), сонымен қатар «Көшбасшының баланс шеңбері» әдістерін қолдану арқылы жүргізілген көшбасшылық қабілеттердің кіріс диагностикасының нәтижелері берілген. Курсанттардың көшбасшылық қабілеттерінің көріну дәрежесіне сыртқы әсер ету мүмкіндігіне қатысты қорытынды тұжырымдалады. Курсанттардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері, нысандары және кезеңдері көрсетілген.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report