NobleBlocks

Research indexJournal article

АТМОСФЕРАДАН ОҚТЫН-ОҚТЫН АЖЫРАТЫЛАТЫН АВТОМОБИЛЬ МОТОРЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН НЕГІЗДЕУ

Ордабаев, Сембаев, Ахметов and 2 others

Science and Technology of Kazakhstan30 Jun 2022

NobleIDark:/48914/w1/20260515/4A29F998DOI10.48081/kbqz5770

Paywalled

The full text is at the publisher

You can read the abstract here, or open it at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

"Мақалада піспекті іштен жану моторынан сыртқа шығатын газдың улағыштығын азайтудың белгілі әдісі – газдың біраз бөлігін цилиндрге қайтару, яғни рециркуляция тәсілін басқа мақсатта қолдану туралы сөз болады. Бұған дейін рециркуляция тек мотордың күшсалмақ режимінде азот тотығының NО түзілу қарқынын шектеу үшін ғана қажет болатын. Қала көшелерінде автомобильді баяулату режимінің ерекше түрі – мотордың көмегімен баяулату да кездеседі. Мотор мен трансмиссия ажыратылмағандықтан мотор ырықсыз бос жүріс режиміне көшеді де, жану процесінің қалыпты жағдайдан ауытқуы салдарынан газ құрамында көмірсутектілер СН мөлшері күрт артады. Аталмыш режимде мотор қуат көзінен уақытша тежегіш құралға айналады, себебі автомобильдің кинетикалық энергиясы негізінен мотордың ішкі үйкеліс күшін еңсеруге жұмсалады. Демек осы мерзім ішінде мотордағы газ алмасу үдерісін рециркуляция әдісінің көмегімен тұйық циклге көшіру әбден мүмкін. Нәтижесінде автомобиль моторы қолданыс уақытының кейбір тұстарында атмосферадан ажыратылатын болады. Газды рециркуляциялау және оны басқару жүйелерінің жалпы сұлбасы белгілі, бірақ оны жаңаша мақсатта қолдану үшін біршама өзгеріс қажет етеді. Бұл әдісті NО және СН компоненттерінің сыртқа шығуын азайту үшін екі мақсатта қолдануға болатынын да ескерген жөн."

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report