NobleBlocks

Research indexJournal article

Орнитонимдік паремиялардың этномәдени семантикасы

Жиренов

Bulletin of the Karaganda University Philology series30 Jun 2023Open access

NobleIDark:/48914/w1/20260521/1B86938BDOI10.31489/2023ph2/13-22

Abstract

Этностың ұлттық болмысы мен менталитеті, дүниетанымы мен тұрмыс-салты тілде қалыптасқан орнитонимдік паремиялардың этномәдени сипатын лингвистикалық аспектіде қарастыру арқылы этнос дүниетанымын тануға болады. Орнитонимдік паремиялар этностың өткендегі өмірінен, ұлттық мәдениеті мен дүниетанымынан, адам мен құстар әлемі арасындағы рухани және материалдық жақындығына қатысты құнды тілдік-танымдық деректерді береді. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің бір саласы құстар туралы, яғни құстар әлеміне қатысты паремиялардан тұрады. Этностың тұрмыстық мәдениетіндегі құстар этноқауымдастық өкілдерімен рухани және материалдық жағынан өзара тығыз байланыста өмір сүреді. Құстар мен адамдар арасындағы байланыс этнос тіліндегі орнитонимдік паремиялардан анық көрінеді. Мақаланың зерттеу материалы ретінде орнитонимдік паремиялардағы этностың дүниетанымы, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі, діни түсінігі, құстар әлеміне көзқарасы лингвистикалық аспектіде арнайы қарастырылған. Тілдегі орнитонимдік паремиялар этностың қоғамдағы тарихи, мәдени, рухани, әлеуметтік ерекшеліктерінің этномәдени айнасы іспеттес бірлік саналатындығы ғылыми теориялық және практикалық тұрғыдан зерделенген.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report