Research indexJournal article
Сән дискурсы жөнінде
Камзанов, Адилова, Каукербеков
Bulletin of the Karaganda University Philology series16 Mar 2024Open access
NobleIDark:/48914/w1/20260521/BD7798F5DOI10.31489/2024ph1/73-79
Сән дискурсы жөнінде
Камзанов, Адилова, Каукербеков · Bulletin of the Karaganda University Philology series · 2024
NobleIDark:/48914/w1/20260521/BD7798F5DOI10.31489/2024ph1/73-79
Abstract
Мақала институционалды дискурстың бірі — сән дискурсының жалпы сипатына арналған. Адамгершілік нормаларының, жеке адам және билік, жеке тұлға және ұжым арасындағы қарымқатынастың мінез-құлық стандарттары өзгерумен қатар, адамдар арасында өзінің индивидуалды ерекшеліктерін киген киім арқылы қоғамқа сөзсіз (бейвербалды) жеткізу кеңінен тарай бастады. Осыған байланысты қоғамда сән дискурсының маңызы арта түседі. Адам киім арқылы қоршаған ортаға өз болмысын көрсетеді. Сән қазіргі өмірдің көп қырлы құбылыстарының бірі болып табылады, сәйкесінше сән дискурсы жарнамалық, педагогикалық, ғылыми, білім беру, өнертану, тарихи, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да дискурстармен тоғысқан күрделі сипатқа ие. Сән әлемінің тілдік репрезентациясында дискурс, сән, киім, стиль сөздері жиі қолданылады. Мақалада аталған тілдік бірліктер қолданысы талданған.