NobleBlocks

Research indexJournal article

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Джонисова, Ермекова

Izvestiâ KazUMOiMÂ im. Abylaj hana. Seriâ "Filologičeskie nauki".28 Jun 2024Open access

NobleIDark:/48914/w1/20260525/7801C4C9DOI10.48371/phils.2024.73.2.018

Abstract

Қазіргізаманғы білім беру саласында негізгі әрекет бағдарларының бірі мемлекетті жаңашылдық дағдарысынан шығара алатын «табыс үшін білім» деп аталатын парадигма болып табылады. Бұл парадигма филологиялық және педагогикалық пән кадрларын дайындау барысындаерекше басымдылыққа ие болып табылады, себебі тұлғаның өзі табысты болмаса, оның беретін білімі мен тәрбиесі де табысты бола алмайды. Осы орайда мақалада білім саласындағы маңызды мәселелердің бірін шешу бойынша жұмыс жүргізді. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары түлектерінің құзыреттілігінің жоғары деңгейін, олардың ғылыми құзыреттілігінің қоғам талаптарына сәйкестігін, өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығын қамтитын сапаны арттыруды қамтиды. Мұның бәрі көбінесе болашақ мамандарды табысты оқытуға байланысты. Сол себепті де студенттердің оқудағы табыстылығын қалыптастырудың ғылыми негіздерін қолдана отырып, бұл мәселені шешу мақсатында әр түрлі деңгейдегі студенттердің жеке типологиялық сипаттамаларын ескере отырып, табысты іс-әрекеттерін ұйымдастыру студенттердің ойдағыдайбілім алуы үшін жағдай жасау және диагностикалау мақсатында ішкі жағдайларды ескеру және университеттің психологиялық қызметін үйлестіру мен әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету қарастырылған. Шеттілді білім беру бағдарламалары, оның ішінде «Шет тілі:екі шет тілі» және «Шетел филологиясы» бағдарламалары бойынша білім алатын студенттердің оқу табыстылығын қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөлінді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер студенттердің оқудағы табыстылығын қалыптастыруға ықпал ететін жұмысты ұйымдастыруғамүмкіндік береді, бұл мемлекеттің инновациялық ойлау қабілеті, қалыптасқанқұзыреттілігі және өзін-өзі оқыту қабілеті бар жоғары білікті кадрларға деген қажеттілігінқанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы зерттеу жұмысы жоғары оқу орын студенттерінің оқудағы табыстылығын қалыптастырудың бағдарламаларын құруғанегіз болып табылады. Мақалада ұсынылған бағдарламаның өзі жоғары оқу орнындағы табыстылықтың басты міндетін айқындау және оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар мен ұсыныстарды әдістемелік қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Discussion

Citations

Topics

More

Suggest a correction or report