NobleBlocks

Research indexJournal article

Ағылшын тілі сабағында жасанды интеллектті қолдану оқыту тиімділігін арттырады.

Полатова

Eurasian science review.5 Jan 2025Open access

NobleIDark:/48914/w1/20260526/E5E5CA4BDOI10.63034/esr-336

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Бұл мақала ағылшын тілі сабағында жиі қолданылатын ЖИИ әдіс-тәсілдері мен заманауи технологияларын талдауға арналған. Білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдерді пайдалану оқушылардың тіл үйрену тиімділігін арттырады. Ағылшын тілін үйретуде интерактивті әдістердің рөлі ерекше. Олардың ішінде ойын технологиялары, рөлдік ойындар, мультимедиа құралдары және топтық жұмыс әдістері оқушылардың белсенділігін арттыруда маңызды орын алады. Сондай-ақ, заманауи цифрлық ресурстар, мысалы, онлайн платформалар мен мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы оқушылардың тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік бар. Ағылшын тілі сабағында жиі қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдар оқушылардың тілді меңгеру деңгейін жақсартуға бағытталған. Ағылшын тілі пәні тек сөздік қорды арттырумен шектелмей, мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға да ерекше көңіл бөледі. Бұл сабақты тиімді өткізу үшін мұғалімдер дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар инновациялық технологияларды да қолданады. Осыған орай, ағылшын тілі сабағында жиі қолданылатын тәсілдер мен әдістердің бірі – тілдік ойындар мен диалогтер, тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар. Олар оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Сондай-ақ, грамматикалық құрылымдарды түсіндіру кезінде визуализация әдістері, мысалы, суреттер мен диаграммалар, оқушыларға материалды жеңіл меңгеруге көмектеседі. Ағылшын тілі сабағында тілдің барлық аспектілерін қамту үшін тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын бірге дамыту қажет. Осы мақсатта сабақтарда түрлі тыңдалым жаттығуларын жүргізу маңызды. Бұл оқушыларға ағылшын тіліндегі нақты мәтіндер мен диалогтарды түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру үшін оларды топтық жұмысқа тартып, жұптық немесе шағын топтарда пікір алмасуға үйрету маңызды. Технологиялық құралдардың да маңызы зор. Ағылшын тілін үйретуде аудио және бейнемазмұнды пайдалану оқушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report