NobleBlocks

From the research index

The paper comes from the research index. It wasn’t submitted here.

Journal article

Екінші тіл үйретудегі халықаралық тәжірибе және оны қазақ тілін оқыту әдістемесіне бейімдеу

Қ. Дүсіпбаева, A. Мыңбаева

Eurasian Journal of Philology Science and Education23 Jun 2025Open access

Abstract

No PDF here

The full text is at the publisher

You can read the abstract here, or open it at the publisher.

Read at the publisher

Мақалада халықаралық әдістер мен тіл үйрету тәсілдерін екінші тіл – қазақ тіліне бейімдеудің тиімділігі қарастырылады. Зерттеу аясында Калифорния университетінің (Дейвис) ағылшын тілі оқытушылары мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен қазақ тілі оқытушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері оқытудың нақты тиімді әдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Қазақ тіліне бейімделген халықаралық әдістемелерді қолданудың тиімділігі көрсетілді. Ғаламдану жағдайында екінші тілді меңгеру тек тілдік құзыреттіліктің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация мен кәсіби бейімделудің маңызды факторы болып табылады. Әсіресе ағылшын тілін оқытуда өз тиімділігін дәлелдеген заманауи халықаралық әдістер ерекше өзекті болып отыр. Бұл әдістерді қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға бейімдеу – мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік рөлін күшейту жолындағы маңызды қадам болып саналады. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тілін оқытудың халықаралық тәжірибесін талдау және оны қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізу мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Мақалада CLT, TBLT, CLIL әдістері, сондай-ақ Quizlet, Kahoot, Wordwall білім беру платформалары қарастырылады. Бұл әдістердің теориялық негіздері мен практикалық қолданылуы UC Davis тәжірибесі негізінде талданып, қазақстандық оқытушылардың мүмкіндіктерімен салыстырылды. Авторлық сауалнама нәтижелері ұсынылып, қазақ тілін оқытуда цифрлық платформалардың тиімділігі дәлелденді. Түйін сөздер: әдістеме, сандық технология, қазақ тілі, ағылшын тілі сөздік қор, халықаралық тәжірибе, әдістер, әдістеме.

Identifiers

Discussion

Citations

1Cited by

Topics

Details

Published
23 Jun 2025
Publisher
Al-Farabi Kazakh National University
Issue
Volume 198 · Issue 2
ISSN
1563-0323
Language
KK

More

Suggest a correction or report