Research indexJournal article
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ - ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАЛЫҚ САПАСЫ
Конырова, Сламбекова
Russian Agency for Digital Standardization28 Jun 2022Open access
NobleIDark:/48914/w1/20260525/3BF46FFEDOI10.48371/peds.2022.65.2.006
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ - ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАЛЫҚ САПАСЫ
Конырова, Сламбекова · Russian Agency for Digital Standardization · 2022
NobleIDark:/48914/w1/20260525/3BF46FFEDOI10.48371/peds.2022.65.2.006
Free to read at the publisher
You can read the abstract here, or the full text at the publisher.
Abstract
Мақала педагогтың кәсіби тұлғалық сапасы ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің категориялық мәні мен мазмұнын ашуға бағытталған. Әлеуметтік жауапкершіліктің қазіргі уақыттағы көкейкестілігі мен бұл мәселенің пәнаралық сипаты оны әдістемелік тұрғыдан жан жақты қарастыруды қажет етеді. Бұл педагогтың өзінің кәсіби позициясы мен тұлғалық көзқарасын, өз құндылықтарын сақтай отырып уақыт өзгерістерін сезініп, жылдам бейімделе алуға және заманауи кәсіби талаптарға сәйкес қалыптасуға, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ықпал ететін әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін зерттеуге мүмкіндік береді.Мақалада авторлар кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің катергориялық мәні мен мазмұнын ашу мақсатында зерттеудің пәнаралық тәсіліне сүйене отырып бұл катергорияның әлеуметтік педагогикадан басқа ғылым салаларындағы мағынасына салыстырмалы талдау жасайды. Атап айтқанда, философия, әлеуметтік философия, заңтану, экономика, психология, деонтология салаларындағы анықтамаларға жүгінеді. Өйткені «жауапкершілік» ұғымын еркіндік ұғымымен байланысты өмір сүру позициясы ретінде қарастыру ежелгі философтартардан басталатыны белгілі. Ал қазіргі күнде жауапкершілік мәселесі адамның өмір сүру сфераларының барлығын қамтиды. «Жауапкершілік» және «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының ара қатынасы мен айырмашылығына да тоқталу өте маңызды. Бұл ретте әлеуметтік жауапкершілік мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, зерттеу жұмысын жалғастыруға негіз болатын бірқатар ғалымдардың тұжырымдамаларын бөліп қарастырады.Сонымен қатар, авторлар әлеуметтік жауапкершілік мәселесінің кәсіби тұлғалық сапа ретінде педагогика саласында қарастырылуының жеткілікті емес екендігіне екпін жасайды.Теориялық талдау жұмысының нәтижесінде кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін зерттеу жұмысын жалғастыруға, оның құрылымдық критерилері мен қалыптасу деңгейлерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық негіздер ұсынылады.