NobleBlocks

Research indexJournal article

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА

Қалиева, Ғабиден

Russian Agency for Digital Standardization19 May 2021Open access

DOI10.48371/peds.2020.59.4.003

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі бойынша жұмыстары талдауға алынады; «болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымының мазмұны кәсіби-педагогикалық білім беруге қатысты құзыреттілік тәсілдің ғылыми қағидаларына сәйкес анықталады. Қазіргі мектеп жаңа материалды түсіндіріп, жұмысын ұйымдастыра алуға қабілеттілікпен қатар, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін сауатты басқара алатын мұғалімдерді қажет етеді. Сөз мұғалімнің жаңа рөлі - оқушының кепілдендірілген білім деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті мұғалім-менеджер туралы, яғниболжамдалып алдын-ала белгіленген нәтижеге жоспарланған уақытта және белгіленген ресурстар шығындарымен қол жеткізуі туралы. Авторлар пікірінше, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін жоғары оқу орындарында маманның кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыру өзекті мәселе.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report