NobleBlocks

Research indexJournal article

ҚЫТАЙ ОНИМДЕРІН ҚАЗАҚ-ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ

Койбакова, Калибекулы

Russian Agency for Digital Standardization29 Jun 2022Open access

NobleIDark:/48914/w1/20260525/0CDDA29BDOI10.48371/phils.2022.65.2.007

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Мақалада қытай тіліндегі онимдерді қазақ-латын графикасында трансформациялау мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ қытай транскрипциялық әліпбиі мен жетілдірілген қазақ-латын әліпбиіндегі дыбыстарға салғастырмалы талдау жасау арқылы екі тілге ортақ және баламасы жоқ дыбыстар анықталды. Транскрипция мен транслитерациялау тәсілдері, қытай онимдерін жазуда қытай тілінің транскрипция жүйесі бойынша таңбалаудың және дыбыстық бейнесін барынша жуықтатып берудің тиімді жолдары қарастырылған.Еліміздің латын жазуына көшу реформасы болашақта қоғамымыздың барлық саласын қамтиды, оның ішінде шеттілдік онимдер де қалыс қалмайды. Қытай онимдері – қазақ тіл білімінде зерттелмеген тың тақырыптардың бірі. Оларды қазақ-кирилл графикасында транслитерациялау – әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе. Қытай кісі есімдері мен жер-су атаулары, қытай компаниялары мен ұйымдарының атаулары, осы күнге дейін кирилдің Палладий транскрипциялық жүйесі негізінде жазылып келеді, қазақ тілінде бірізді жазу стандарты, белгілі бір жүйесі жоқ. Қытайда орыс тілінде жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдарында, ғылыми әдебиеттер, сөздіктерде де қытай тілінің ономастикалық атаулары Палладий транскрипциялық жүйесі бойынша жазылып жүр. Алайда Палладий транскрипциялық жүйесінің кемшін тұстары аз емес. Қытай тілінде орыс тілінде жоқ дыбыстар болғандықтан, қытай тіліндегі атауларды транслитерациялауда дыбыстың дәл жеткізілмеуі сияқты мәселелер кездеседі. Ал қазақ-латын графикасында транслитерациялауда немесе транскрипциялауда бұл олқылықтарға жол бермей, дыбыстарды сингармонизм заңдылығына барынша сәйкестендіру мәселесі тұр. Сондықтан бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің еліміздің ономастика саласы мен латын әліпбиінде жазылатын шеттілдік сөздердің емле-ережелерін жасап, қағидаттарын қалыптастыруда құндылығы жоғары екендігі дау тудырмайды.Зерттеудің тұжырымдары мен талдауларын қытай тілі мен қазақ тілі фонетикасын салғастыра оқытуда және зерттеуде, қытай тілінің ономастика саласы бойынша зерттеулерде пайдалануға болады.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report