NobleBlocks

Research indexJournal article

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕНІМДЕРДЕ БІЛДІРІЛЕТІН ЭКСПРЕССИВТІ-ЭМОЦИОНАЛДЫ МАҒЫНАЛАР

Кошикбаева, Еликбаев, Ыбырайым and 1 other

Russian Agency for Digital Standardization30 Sep 2022Open access

NobleIDark:/48914/w1/20260525/EA6B06DEDOI10.48371/phils.2022.66.3.009

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Сөйленімде сөйлеуші қандай да бір ақпаратты жеткізу немесе сұрау, іс-әрекетті орындауды бұйыру, қалау сияқты мақсаттармен қатар өзінің эмоциясын, экспрессивті көңіл күйін де қоса білдіреді. Осы ретте мақалада қазақ тіліндегі сұраулы сөйленімдер арқылы білдірілетін экспрессивті-эмоционалды мағыналарды анықтау мақсаты қойылып, олардың төмендегідей түрлері айқындалды: қуану (риза болу), сену (үміттену), таңдану, таңырқау, көңілі толмау, жақтырмау, кекету, менсінбеу, уайымдау (налу), аяушылық, өкіну, күйіну, кінәлау (жазғыру), ренжу (ұрысу, кею), қарғыс.Аталған эмоционалды-экспрессивті мағыналар сөйленімде негізінен сұрау есімдіктері мен сұраулық демеуліктерінің қатысуы арқылы білдіріліп, бұл мағыналар олардың қайталануы, басқа да әртүрлі тілдік құралдармен, мысалы, демеулік шылаулармен (ғой, ғана, -ай, -ау), одағайлармен (о, апыр-ау, ә, әттең) және т.б. бірге қолданылу арқылы күшейе түсетіндігі анықталды. Сонымен қатар сұраулы сөйленімдерде білдірілетін эмоционалды-экспрессивті мағыналар жалпы сөйлеу жағдаятына (сөйлеу актісінің деректері, автордың (кейіпкердің) прагматикалық мақсаты, сөйлеу интонациясы, сөздердің сөйлемде қолданылу орны, парцелляция және т.б.), автор (кейіпкер) қолданатын әртүрлі эмоционалды-экспрессивті мағыналы тілдік бірліктерге (сөздер, сөз тіркестері, қыстырма элементтер, фразалық тіркестер) байланысты болатындығы дәлелденді.Мақалада құрылымдық-семантикалық сипаттау, мәнмәтіндік талдау, функционалды-семантикалық талдау, дифференциация, гипотетикалық түсіндіру және трансформациялау әдістері қолданылды.Мақалада алынған нәтижелердің тіл біліміндегі сөйлеу актісіндегі адресат/адресант факторы, коммуникативтік стратегиялар, тактикалар, пресуппозиция, пропозиция және постпозиция, тура және жанама сұрау мәнді сөйленімдердің перлокутивті прагматикасы сияқты ғылыми мәселелерді шешуде құндылығы аса зор деп санаймыз, сондай-ақ оларды қазақ тіл білімінің морфология, синтаксис, стилистика, прагматика салалары бойынша жоғары оқу орындарында дәрістер оқуда пайдалануға болады.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report