Research indexJournal article
АСТЫҚ НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Момынкулова, Urkumbayeva, Асанов and 1 other
Bulletin of Toraighyrov University Economics series30 Sep 2025Open access
АСТЫҚ НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Момынкулова, Urkumbayeva, Асанов and 1 other · Bulletin of Toraighyrov University Economics series · 2025
Free to read at the publisher
You can read the abstract here, or the full text at the publisher.
Abstract
Астық нарығы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі элементі болып табылады және елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Нарықтық қатынастар элементтерін кең қамту және астық шаруашылығының ғана емес, сонымен бірге елдің бүкіл агроөнеркәсіптік кешенінің жұмысына айтарлықтай әсер ету астық нарығын ауылшаруашылық өнімдерінің, шикізат пен азық-түліктің басқа нарықтары үшін дамудың репрезентативті моделі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл мақалада астық нарығының құрылымы мен қызметін зерттеу үшін қолданылатын негізгі экономикалық теориялар мен тұжырымдамалар талданады. Сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторларға, сондай-ақ институттар мен мемлекеттік саясаттың рөліне ерекше назар аударылады. Ауыл шаруашылығы нарықтарының, атап айтқанда астық нарықтарының ерекшелігін түсіну өндірістің маусымдылығы, табиғи жағдайларға тәуелділік, сұраныс пен ұсыныстың төмен икемділігі, сондай-ақ мемлекеттік реттеу сияқты факторларды ескеруді талап ететіні көрсетілген. Зерттеу нәтижелері микро және макроэкономикалық факторларды, сондай-ақ нарықтың әртүрлі сегменттерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеретін астық нарығын талдауға кешенді көзқарас қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы мақалада келтірілген теориялық білімді жүйелеу астық секторын дамытудың тиімді стратегияларын әзірлеуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әрі қарайғы зерттеулер үшін негіз бола алады. Әрі қарай зерттеу перспективалары астық нарығының жұмыс істеуіне нақты факторлардың әсерін терең талдаумен, нарықтық конъюнктураны болжауға мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық модельдерді әзірлеумен, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің