Research indexJournal article
ПАРОДОНТ АУРУЫ МЕН ТІСТЕМ АҚАУЛАРЫНЫҢ ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Асхатқызы, Әуесханқызы, Төлегенұлы and 1 other
cyberleninka.ru1 Jan 2024Open access
NobleIDark:/48914/w1/20260523/5689AD37DOI10.24412/1609-8692-2024-1-20-31
ПАРОДОНТ АУРУЫ МЕН ТІСТЕМ АҚАУЛАРЫНЫҢ ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Асхатқызы, Әуесханқызы, Төлегенұлы and 1 other · cyberleninka.ru · 2024
NobleIDark:/48914/w1/20260523/5689AD37DOI10.24412/1609-8692-2024-1-20-31
Free to read at the publisher
You can read the abstract here, or the full text at the publisher.
Abstract
FDI Бас Ассамблеясының мәліметтері бойынша, пародонт ауруларының салыстырмалы түрде байқалмайтын сипаты, нашар ауыз қуысы гигиенасы, зиянды әдеттер, шектеулі күтім, сондай-ақ ауыз қуысы/пародонт денсаулығының жалпы стратегиясы мен саясатының жоқтығы салдарынан пародонт денсаулығы туралы жаһандық хабардарлық төмен болып қала беруде. Зерттеулерге сай пародонт қабынуы ауруларымен әлемнің ересек тұрғындарының шамамен 19% зардап шегеді, бұл бүкіл әлем бойынша 1 миллиардтан астам жағдайды құрайды. Жасөспірімдер арасында пародонт ауруларының таралуы ДДҰ деректері бойынша 80-83% құрайды. Олардың 50% -ында пародонт патологиясы тіс-жақ ақауларымен біріктіріледі. Пародонт аурулары мен тістем ауытқулары арасындағы байланыс күрделі. Пародонт қабынуы аурулары тістерді қоршап тұрған тіндердің қабынуы мен инфекциясын білдіреді, бұл сүйектің жоғалуына және ауыр жағдайларда тістердің жоғалуына әкеледі. Тістем ақауы болса тістеу және шайнау кезінде тістердің түйісуіне әсер етуі мүмкін жеке тістер мен тіс қатарының дұрыс орналаспауымен байланысты.