NobleBlocks

Research indexJournal article

Айтыс өнерінің этнопсихологиясы

С.Қ.

IPR MEDIA1 Jan 2012Open access

NobleIDark:/48914/w1/20260516/18761EC7DOI10.23682/61146

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Айтыс өнерінің психологиялық табиғатын зерттей отырып, интеллектінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін талдаған бұл авторлық жұмыста айтыс өнерінің интерактивті коммуникативті моделін жасаған эксперименттік этнопсихологиялық зерттеу нəтижелері баяндалады. Психология ғылымында фольклор психологиясы, оның ішінде айтыс өнерінің психологиялық ерекшеліктері алғаш рет эксперименттік этнопсихология аясында зерттелініп отыр. Дүниежүзілік психологиялық тарихта мұндай зерттеулер аз кездеседі. Қазақстан ғылымы эксперименттік этнопсихологиясына қосатын үлесі зор бұл ғылыми жұмыс Э. Берннің трансактілі анализі жəне ғалым С.М. Жақыповпен бірлескен диалогты танымдық іс-əрекет концепциясы негізінде жазылған. Этностың интеллектілік деңгейін көрсететін айтыс өнері творчествоны түсінудің индикаторы ретінде алынып, айтыс өнері психологиясындағы түсіну табалдырығы заңдылықтарына бағынатындығы анықталған. Монографияда творчестволық сөз жарысы айтыс өнерінің психологиялық табиғаты эксперименттік зерттеулер негізінде айқындалып, зерттеу нэтижелері Қазақстан психология мектебінің жоғары ғылыми бағытын анықтауда өз үлесін қосатын құнды психологиялық еңбек болып табылады. Монография психология саласының докторанттары мен ғылыми ізденушілеріне, психология бөлімінде оқитын магистранттарға, студенттерге жəне психолог мамандарға арналған.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report