Research indexJournal article
ҚҰМЫҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Мурзинова
Russian Agency for Digital Standardization30 Sep 2022Open access
NobleIDark:/48914/w1/20260521/1516FBA9DOI10.48371/phils.2022.66.3.011
ҚҰМЫҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Мурзинова · Russian Agency for Digital Standardization · 2022
NobleIDark:/48914/w1/20260521/1516FBA9DOI10.48371/phils.2022.66.3.011
Free to read at the publisher
You can read the abstract here, or the full text at the publisher.
Abstract
Мақалада құбылыстарды, деректерді, шындық процестерді белгілейтін және эмоционалды-экспрессивті бағалаудың маңызды функцияларын орындайтын қарым-қатынас үдерісіндегі фразеологизмдер қарастырылады. Фразеологизмдер қорында халықтың атадан-балаға мирас ретінде берілген салт-дәстүрлері мен ұлттық-мәдени құндылықтары арқылы жүйеленген мәдениет ерекшеліктері сақталатыны және фразеологизмдер құрамындағы мағынасы күңгірттенген сөздердің тарихи деректерді, ұлттар арасындағы әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық байланыстарды тасымалдайтыны сөз болады. Мақалада құмық тіл біліміндегі фразеологизмдердің зерттелу тарихы сараланады. Мақала мақсаты – фразеологизмдерді лексикаланған және грамматикаланған сөз тіркестерімен қатар қарастырған ғалымдардың еңбегін жүйелеу. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: құмық тілінің фразеологиялық сөздіктері мен фразеология саласына қатысты ғылыми еңбектерді саралау және жүйелеу, құмық тіл білімінің фразеология саласының зерттелу деңгейін айқындау. Тарихи-мәдени дәстүрлер мен ұлттық менталитеттің ерекшеліктері көрініс табатын фразеологиялық бірліктердің, олардың бейнелену уәждерінің қалыптасуы мен дамуы талданады. Фразеологизмдердің лексикалық, грамматикалық тұлғасын саралай отырып, сол халықтың тарихи-мәдени дәстүрлері мен ұлттық менталитетінің ерекшеліктерін айқындай аламыз. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы: этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларына үлес қосады. Мақаланың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Лингвомәдениеттану», «Этнолингвистика», «Фразеология теориясы» сынды арнайы курстар дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу барысында немесе тақырыптарын әзірлеуде қолдануға болады. Құмық тілінің фразеологиясы мәселелерін арнайы зерттеп жазған шетелдік ғалымдардың еңбектері зерттеудің әдіснамасын құрайды. Зерттеу нәтижелері құмық тіл білімінің дамуына, түркі тілдерінің салыстырмалы бағытта зерттелеуіне септігін тигізеді.