NobleBlocks

Research indexJournal article

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МОДЕЛЬДЕРІ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

ДАНАБЕК, КАДЫРЖАНОВНА

Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)15 Nov 2025Open access

DOI10.5281/zenodo.17699953

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Мақалада қазіргі таңдағы бала құқықтары мен бостандықтарын зорлық-зомбылық пен қанаудан қорғаудың маңызды нысаны ретінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құрылым моделінің тиімділігі зерттелген, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қызметінің шет мемлекеттердегі тәжірбиелер зерделенеді. Балалар омбудсмені институтын қалыптастыратын 4 модельді талдай отырып, олардың оң және теріс тұстарын анықтайды, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің тиімділігінің критерийлерін қарастырады. Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің құқықтық мәртебесін арттыруда біріншіден, заңнамалық деңгейде реттеліп, конституциялық заңнамада бекітілуі қажет, екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық стандарттарға және қазіргі заманғы мемлекеттік басымдықтарға қайшы келетін құқықтық нормаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына егжей-тегжейлі мониторинг жүргізген жөн. Себебі Конституцияның 4-бабында көзделген республика бектіткен халықаралық шарттардың нормалары іс жүзінде жүзеге асырылмай отыр. Тиісті мониторингті Қазақстан Республикасы ратификациялаған екіжақты және көпжақты шарттық міндеттемелердің шеңберінде де жүргізу қажет. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қалыптасуы балаларды қорғау тетіктерінің барлық саласында туындайтын проблемаларды жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың қызметін ынталандыруға оң әсер етеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі мақсаттары – кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін, құқықтары мен мүдделерін қорғау, Бала құқықтары туралы конвенцияны, балалардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін күресу және олардың таралуына ықпал ету. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, шет мемлекеттерде бала құқықтары жөніндегі омбудсмен институты «балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылған, заңнамалық түрде құрылған тәуелсіз орган» ретінде анықталады, сондай-ақ Балалар омбудсмені институты балалардың құқықтарын қорғаудың дербес институты ретінде танылады.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report