Research indexJournal article
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ «ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» ТАРАУЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
АКМАРАЛ, Б.
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)30 Nov 2025Open access
NobleIDark:/48914/w1/20260525/71AF44FDDOI10.5281/zenodo.18011735
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ «ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» ТАРАУЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
АКМАРАЛ, Б. · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2025
NobleIDark:/48914/w1/20260525/71AF44FDDOI10.5281/zenodo.18011735
Free to read at the publisher
You can read the abstract here, or the full text at the publisher.
Abstract
Бұл мақалада физика пәнінің «Жылу құбылыстары» тарауын оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жолдары қарастырылады. Сонымен қатар оқулықтарда кездесетін кейбір есептердің дұрыс аударылмауы немесе есепті шығару үшін қажетті мәліметтердің толық берілмеуі сияқты мәселелер айтылады. Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылады. Зерттеудің мақсаты - «Жылу құбылыстары» тарауына арналған логикалық ойлауды дамытатын тапсырмалардың түрлерін анықтау және оларды сабақта қолдану жолдарын көрсету. Зерттеу барысында өмірмен байланысты сұрақтар, тәжірибелер, қарапайым есептер және ойлануға арналған жағдаяттар қолданылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетімен ойлануына, дұрыс шешім қабылдауына және теориялық білімін күнделікті өмірде қолдануына көмектеседі.