NobleBlocks

Research indexJournal article

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ ДРАЙВЕРІ РЕТІНДЕ

Досымхан, Жанарстанова, Дюсембекова and 1 other

1 Dec 2025

NobleIDark:/48914/w1/20261005/915F0953DOI10.52536/2788-5860.2025.88.4.003

Paywalled

The full text is at the publisher

You can read the abstract here, or open it at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен тағылымдамалар оқытушыларға халықаралық білім беру жүйелерінен әртүрлі оқыту әдістемелерін үйренуге және енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттырып, инклюзивті тәжірибелерді дамытуға ықпал етеді.Оқытушылардың әртүрлі академиялық ортада тәжірибе жинақтауы олардың жаңа дағдылар мен көзқарастарға ие болуына, халықаралық кәсіби байланыстар орнатуына, білім беру сапасын жақсартуға, мәдени алмасуды ілгерілетуге, серіктестікті нығайтуға және тәжірибені байытуға септігін тигізеді.Бұл зерттеу Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандырудың бөлігі ретінде халықаралық алмасу бағдарламалары мен тағылымдамалардың оқытушылардың ғылыми-зерттеу және кәсіби өнімділігіне әсерін қарастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, зерттеу инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытуға олардың қосқан үлесін бағалауды да көздейді. Зерттеудің мақсаты екі зерттеу сұрағына жауап беру арқылы іске асырылды. Әдістеме әдебиеттерге шолу мен сауалнама арқылы жүргізілген эмпирикалық талдауды біріктіреді. Респонденттер Қазақстандағы 10-нан астам жоғары оқу орындарының оқытушылары болып табылады (n=51). Алмасу бағдарламасының түрі мен тағылымдама өткен елдің географиялық орнына қарамастан, респонденттер халықаралық білім берудің бірнеше бағытта пайдалы болғанын тұрақты түрде атап өтті.Түйін сөздер: интернационалдандыру, алмасу бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, жоғары білім, оқытушылар құрамы, инклюзивті білім беру.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report