NobleBlocks

Research indexJournal article

Математикалық білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен кедергілер

Омирзакова, Тілеубай, Менлихожаева

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series29 Dec 2025Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261005/ABCC768EDOI10.31489/2025ped4/128-139

Abstract

Мақалада математикалық білім беру жүйесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың өзектілігі сипатталған және оны білім беру үдерісіне енгізу кезінде туындайтын қиындықтар жан-жақты талқыланған. Жасанды интеллект құралдарының білім беру сапасын арттырудағы әлеуеті жоғары болғанымен, оны тиімді жүзеге асыру үшін мұғалімдердің жаңа технологияны қабылдауы, ұстанымдары ерекше мәнге ие. Осыған байланысты зерттеудің негізгі мақсаты ретінде математика пәні мұғалімдерінің ЖИ технологияларына қатысты ұстанымдары анықталған, оларды қолдануға кедергі келтіретін факторлар қарастырылған және тиімді енгізуге ықпал ететін жағдайлар ұсынылған. Зерттеу барысында Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін 141 математика пәні мұғалімінен сауалнама жүргізу арқылы деректер жиналған. Сауалнама нәтижелері мұғалімдердің басым бөлігі ЖИ технологияларын тиімді оқыту құралы ретінде бағалайтынын көрсеткен. Сонымен қатар респонденттер ЖИ технологияларын қолдану кезінде әдістемелік дайындықтың жеткіліксіздігі мен техникалық ресурстардың тапшылығы сияқты бірқатар қиындықтарды атаған. Мұғалімдердің жынысы, жасы және еңбек өтіліне байланысты ЖИ технологияларын қабылдауындағы айырмашылықтар да анықталған. Зерттеу нәтижелері ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне тиімді енгізу үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу мазмұнын цифрландыру, техникалық инфрақұрылымды нығайту және цифрлық сауаттылықты күшейту қажеттігін айқындаған. Ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстар ЖИ технологияларын мектеп практикасына бейімдеп, математикалық білім беруді жетілдіруге нақты жол ашатынын көрсетеді.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report