NobleBlocks

Research indexJournal article

ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ЦИЛИНДР ПОРШЕНДІ ТОПТАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ БАПТАУЫН ЗЕРТТЕУ

Балабекова, Корабай, Болатова and 1 other

Science and Technology of Kazakhstan30 Dec 2025

NobleIDark:/48914/w1/20260525/3BCC3CC8DOI10.48081/puzf2504

Paywalled

The full text is at the publisher

You can read the abstract here, or open it at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Қозғалтқыш – автомобильдің ең маңызды әрі күрделі бөліктерінің бірі. Автокөліктердегі бұзылыстардың басым бөлігі іштен жану қозғалтқышының поршеньдік тобында, әсіресе қысу сақиналарында кездеседі. Осы мақалада көлік құралдарының агрегаттарына арналған инновациялық жөндеу жинағының жаңа конструкциясы ұсынылады. Автокөліктің бұзылулардың басым бөлігі іштен жану қозғалтқышының поршеньдік тобында, әсіресе қысу сақиналарында кездеседі. Бұл мақалада көлік құралдарының агрегаттарына арналған инновациялық жөндеу жинағының жаңа конструкциясы ұсынылады. Жұмыста үйкелісті азайтуға арналған жаңа принциптер мен әсерлер қарастырылады. Ұсынылған шешімнің басты айырмашылығы – компрессиялық поршень сақиналарын қарапайым орнатудың орнына серіппелі сақиналарды қолдану. Функционалды жетілдірудің негізгі мақсаты – поршень сақиналары мен цилиндр гильзасы арасындағы үйкелістің беріктігін және техникалық көрсеткіштерін арттыру. Жаңа технология поршень сақиналарының табиғи тозуын, сондай-ақ сақиналар орнатылған ойықтардың тұтастығын төмендетеді. Сонымен қатар, жаңа жинақ тығыздауды жақсартып, жанғыш қоспа тұтанған кезде соққыны сіңіру қабілетін арттырады. Ұсынылған серіппелі жинақ виртуалды ортада, оның жұмысына әсер етуі мүмкін барлық сыртқы факторлар мен процестер ескеріле отырып сыналды. Эксперименттер мен математикалық есептеулер нәтижелері бойынша бұл жинақ нақты жұмыс жағдайында деформациясыз және функцияларын жоғалтпай жұмыс істей алады. Кілтті сөздер: инновациялық жөндеу жинағы, серіппелі элементтер, көлік, трибожұп технологиясы, жаңа принциптер мен әсерлер, үйкелісті азайту, сенімділік.

Discussion

Topics

More

Suggest a correction or report