NobleBlocks

Research indexJournal article

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ РОБОТТЫ МИНАДАН ТАЗАРТУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ БІРІКТІРУ

Oraz, Оразалиева, Alipbayev

Вестник Алматинского университета энергетики и связи30 Mar 2026

NobleIDark:/48914/w1/20261105/7AA7E6C7DOI10.51775/2790-0886_2026_72_1_355

Paywalled

The full text is at the publisher

You can read the abstract here, or open it at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Бұл жұмыста жасанды интеллект элементтері бар роботтық жүйелерді қолдану арқылы минадан тазарту операцияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылады. Компьютерлік көру және автономды (офлайн) навигация алгоритмдерін біріктіретін роботты минадан тазарту жүйесінің функционалдық архитектурасы ұсынылған. Зерттеу шеңберінде MATLAB ортасында жарылғыш заттарды анықтау процестері мен кедергілері бар ортада ұтқыр робот платформаның қозғалысын сандық модельдеу жүзеге асырылды. Нысандарды анықтау үшін конволюциялық нейрондық желілерге негізделген имитациялық модель әзірленіп, алгоритмдердің дәлдігі мен есептеу тиімділігі сандық метрикалар арқылы бағаланды. Модельдеу нәтижелері бойынша анықтау дәлдігі (Precision) – 0,87, толықтығы (Recall) – 0,83, F1-шарасы – 0,85 мәндерін көрсетті, ал бір кадрды өңдеудің орташа уақыты 38 мс-ты құрады. Сонымен қатар, навигация алгоритмін модельдеу ұтқыр платформаның кедергілерді айналып өтіп, тұрақты қозғалысын қамтамасыз ететінін көрсетті. Алынған нәтижелер есептеу ресурстары шектеулі мобильді роботты минадан тазарту кешендерінің құрамында компьютерлік көру мен автономды навигацияның жеңілдетілген алгоритмдерін қолданудың орындылығын растайды. Ұсынылған сандық модельдеу тәсілі роботтық жүйелерді жобалаудың бастапқы кезеңдерінде алгоритмдердің тиімділігін бағалауға және тәжірибелік сынақтарға дейінгі тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Discussion

More

Suggest a correction or report