Research indexJournal article
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ПОСТКОЛОНИАЛДЫ ТЕОРИЯМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Абдуллаева, Oralova
Вестник Кокшетауского университета имени Ш Уалиханова Серия Педагогические науки30 Mar 2026Open access
NobleIDark:/48914/w1/20261105/9FCF7B95DOI10.59102/pedagogical/2026/iss1pp12-25
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ПОСТКОЛОНИАЛДЫ ТЕОРИЯМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Абдуллаева, Oralova · Вестник Кокшетауского университета имени Ш Уалиханова Серия Педагогические науки · 2026
NobleIDark:/48914/w1/20261105/9FCF7B95DOI10.59102/pedagogical/2026/iss1pp12-25
Abstract
Бұл мақалада қазақ әдебиетін постколониал теория тұрғысынан қарастырудың әдіснамалық негіздері ұсынылады. Зерттеуде әдебиетті сөз өнері әрі дербес ғылым саласы ретінде қарастыра отырып, нақты көркем мәтінді постколониалдық көзқарас тұрғысынан талдау көзделеді. Сонымен қатар отарсызданған сана призмасы арқылы жаңа интерпретациялық мүмкіндіктер мен нарративтерді айқындау мақсаты қойылады. Постколониал теорияның жетекші тұжырымдары, батыс ғылыми дәстүрінде қалыптасқан контрупунтты оқу әдісі және В.Изердің оқырманға бағытталған эстетикалық қабылдау теориясы талдаудың теориялық-әдістемелік негізі ретінде алынды. Мұхтар Мағауиннің «Шақан шері» романы постколониалды көзқарас тұрғысында қайта қарастырылып, мәтіндегі тарихи жады, ұлттық болмыс, рухани отарлау, қарсылық поэтикасы және нарративтік бірегейлік мәселелері кешенді түрде талданады. Мақалада романды контрупунтты тәсілмен оқу арқылы авторлық баяндау мен кейіпкер көзқарасының, тарихи шындықтың, көркем мәтіндегі отарланған не отарсыздануға ұмтылған сана формалары мен мәдени белгілерді ашу жолдары қарастырылады. Изердің эстетикалық концепциясы мәтінді пассив қабылдаушыдан белсенді интерпретатор деңгейіне көтеруге бағытталған тәсіл ретінде талданады. Зерттеу аясында жүргізілген эмпирикалық тәжірибе (претест/посттест) Уилкоксонның таңбалы рангтар критерийі арқылы статистикалық өңдеуден өткізілді. Алынған нәтижелер оқыту бағдарламасының тиімділігін көрсетті, бұл студенттердің теориялық білім деңгейі мен интерпретациялық дағдыларының едәуір артқанын дәлелдейді. Сонымен қатар сапалық деректер (студенттердің рефлексиялық жазбалары, мәтін талдауы) постколониал теорияны қолдану олардың тарихи-мәдени белгілерді тану қабілетін кеңейтіп, шығарманы постколониал тұрғыдан жаңаша көзқараспен талдауға және көпқырлы түсінік қалыптастыруға ынталандырғанын көрсетті. Осы нәтижелер постколониалды талдау әдістерінің әдістемелік тиімділігін нақты көрсете отырып, ұлттық әдебиеттануда жаңа ғылыми парадигмаларды қалыптастыруға, көркем мәтінді мән-мағыналық тұрғыдан терең талдауға және студенттердің сыни ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беретінін көрсетеді.