NobleBlocks

Research indexJournal article

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ПАРТИЗАНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:ӘСКЕРИ-СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАКТИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ ТАЛДАУЫ

Ислямова

1 Jul 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261105/65E9CC20DOI10.51889/2959-6017.2026.89.2.032

Abstract

Бұл мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қасым Қайсеновтің партизандық қызметін әскери-тарихи және тактикалық тұрғыдан зерттей отырып, оның тарихи тұлғасы тереңінен қарастырылады. Мақаланың мақсаты Қасым Қайсеновтің партизандық әрекеттерінің әскери тактикалық қырларын талдап, олардың аймақтық партизандық қозғалысқа және жалпы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қосқан үлесі айқындалды. Қазақстандық тарихнамада Қ. Қайсенов тұлғасы негізінен батырлық-биографиялық және публицистикалық деңгейде қарастырылып келеді. Оның естеліктері мен көркем-публицистикалық еңбектерінде нақты әскери операциялар сипатталғанымен, бұл материалдар көбіне дербес тактикалық талдауға түсе бермеген. Кеңестік кезеңде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық қозғалыс кең көлемде зерттелді. Бұл еңбектерде партизандық күрес Қызыл Армияның стратегиялық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, оның жау тылындағы коммуникацияларды бұзудағы рөлі ерекше атап өтілді. Қ. Қайсенов феноменін зерттеуде қолданылған дереккөздер мазмұны, шығу тегі және танымдық мүмкіндіктері жағынан біртекті емес. Сондықтан оларды типологиялау зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен шектеулерін айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеудің дереккөздік базасын Қасым Қайсеновтің партизандық қызметін тікелей немесе жанама түрде сипаттайтын әртүрлі типтегі материалдар құрайды. Зерттеу нәтижесі Қ. Қайсенов тәжірибесі «шағын соғыс» теориялары аясында қайта пайымдалып, отандық тарихнамадағы публицистикалық басымдықты әскери-талдамалық деңгеймен толықтыруға бағытталған ұстанымды нақтылайды.

Discussion

More

Suggest a correction or report