NobleBlocks

Research indexJournal article

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ СЕНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӘДІСІН ӘЗІРЛЕУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Даукеновна, Сарманова, Сарбасова and 2 others

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series30 Jun 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261105/BFFAE8F1DOI10.48081/bgqf2155

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Мақалада ауыл шаруашылығындағы асинхронды қозғалтқыштардың (АҚ) сенімділігі мен энергия тиімділігін арттырудың өзекті мәселесі қарастырылады, мұнда істен шығудың негізгі себептерінің бірі статор орамаларының оқшаулауының деградациясы болып табылады, әсіресе шамадан тыс жүктеме және агрессивті орта жағдайларында. АҚ диагностикалаудың дәстүрлі әдістерінің тар мамандануы және интеллектуалды жүйелерге әлсіз интеграциясы үлкен мәселе болып табылады. Шешім ретінде жасанды нейрондық желілерді (ЖНЖ) қолданатын алгоритмге негізделген әдіс ұсынылады, ол ақаулықтарды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. AEMOT Electric қозғалтқыштары бар зертханалық стендте шамадан тыс жүктеме режимін модельденді, АҚ жұмысындағы істен шығуды көрсететін токтардың, кернеулердің және фазалық диаграммалардың өзгерістері тіркелді және талданды. Жиналған мәліметтер негізінде АҚ нақты ақауларын тануға қабілетті оқытылған ЖНЖ блогы бар алгоритм жасалды. Ұсынылған диагностикалық алгоритм реактивті емес, белсенді қызмет көрсетеді: ағымдағы параметрлерді салыстыру белгіленген деректермен емес, дәлдік пен шуға төзімділікті арттыратын көп өлшемді «қалыпты» және «істен шығу» стандарттарымен жүзеге асырылады. Бұл тәсіл Industry 4.0 және «ақылды» ауыл шаруашылығы тұжырымдамаларына сәйкес келеді, бұл тоқтап қалуды азайтуға, жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға және қуат тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді. Әрі қарай зерттеу жұмыстары - АҚ параметрлерінің дерекқорын кеңейту және нақты жұмыс жағдайында жүйені сынақтан өткізу. Кілтті сөздер: асинхронды қозғалтқыш, ақаулық, диагностика, шамадан тыс жүктеме, динамикалық тежеу, жасанды нейрондық желілер, ауыл шаруашылығы.

Discussion

More

Suggest a correction or report