NobleBlocks

Research indexJournal article

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДЖЕК ЛОНДОН МҰРАСЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әділбекова

Bulletin of Toraighyrov University Philology series17 Sep 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261105/868096EBDOI10.48081/btouph3.2026/157-171

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Бұл мақалада Америка әдебиетінің классигі Джек Лондонның қазақ әдебиетінің біртуар қаламгері Мұхтар Әуезов шығармашылығына тигізген әсері қарастырылады. Әдебиет әлеміндегі қос алып – Мұхтар Әуезов пен Джек Лондон туындыларындағы идеялық және көркемдік үндестіктің сырын ашу – әдебиеттану ғылымының жаңаша зерттеулерін қажет ететін маңызды бағыт. Екі жазушының шығармашылық әлеміне терең бойлап, олардың арман-мұраттарының, дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің ортақ қырларын табуға ұмтылу – зерттеуіміздің негізгі нысандарының бірі. Екі автор шығармаларындағы көркемдік, стильдік және терең идеялық ұқсастықтар талданып, табиғатты шеберлікпен суреттеу, адам мінезін шынайы бейнелеу және әлеуметтік күрес тақырыбындағы өзара байланыстар анықталады. Сонымен қатар екі қаламгердің өз заманының шындығын көркемдік тұрғыдан бейнелеудегі ерекшеліктері сараланып, олардың реалистік әдісінің ұқсас тұстары ашып көрсетіледі. Зерттеу барысында Дж. Лондонның озық идеяларының қазақ әдебиетіндегі интерпретациясы салыстырмалы талдау әдісі арқылы қарастырылып, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы Лондон ықпалының көріністері әдеби-теориялық тұрғыдан зерделенеді. Бұл зерттеу американдық және қазақ әдебиеттері арасындағы шығармашылық байланыстарды жан-жақты талдап, олардың әдеби дәстүр мен көркемдік әдіс тұрғысынан өзара ықпалдастығын тереңірек түсінуге септігін тигізеді.

Discussion

More

Suggest a correction or report