NobleBlocks

Research indexJournal article

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БИЗНЕС-КЕЛІСІМШАРТТАРДАҒЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ЛИНГВОПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Biray, Нургожина

Bulletin of Toraighyrov University Philology series17 Sep 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261105/6842FBEBDOI10.48081/btouph3.2026/246-261

Free to read at the publisher

You can read the abstract here, or the full text at the publisher.

Read at the publisher

Abstract

Мақала қазақ тіліндегі бизнес-келісімшарттардағы ескертпелер (disclaimers) мен форс-мажорлық ережелерді (force majeure clauses) лингвопрагматикалық тұрғыдан зерттеуді нысан еткен. Зерттеудің өзектілігі қазақ тіліндегі құқықтық дискурстың прагмалингвистикалық аспектіде жеткілікті зерттелмеуімен және тіларалық ықпалдастық жағдайында бизнес-келісімшарттардың құқықтық дискурстағы орны мен ерекшеліктерін анықтаудың қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – жауапкершілікті шектеу мен тәуекелдерді қайта бөлуді қамтамасыз ететін тілдік құралдар мен прагматикалық стратегияларды анықтау және жүйелеу. Зерттеуде кешенді зерттеу әдістері қолданылады: прагмалингвистикалық талдау арқылы жауапкершілікті шектеудің коммуникативтік стратегиялары, модальдылық қызметі, ескерту, шектеу, міндеттеме алу сияқты сөйлеу актілерінің ерекшеліктері анықталса, салыстырмалы талдау арқылы екі тілде жазылған келісімшарт нұсқаларындағы трансформация мен калькалауға байланысты айырмашылықтар анықталады. Контент-талдау әдісі арқылы келісімшарт мәтіндеріндегі тілдік бірліктердің қолданылу ерекшеліктері жүйеленеді. Қазақ тіліндегі бизнес-келісімшарттың халықаралық құқықтық тәжірибелердің қағидаларын қазақ тілінің құрылымдық ерекшеліктерімен ұштастыра отырып, құқықтық қатынастың өзіндік моделін қалыптастыратыны дәлелденеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақ тіліндегі келісімшарттарда ескертпелер мен форс-мажорлық ережелердің қызмет етуінің лингвопрагматикалық механизмдерін кешенді сипаттауда, сондай-ақ олардың құқықтық коммуникацияның өзіндік моделін қалыптастырудағы рөлін айқындауда көрінеді. Практикалық маңыздылығы нәтижелерді заңгерлік аудармада және іскерлік қазақ тілін оқытуда қолдану мүмкіндігімен байланысты.

Discussion

More

Suggest a correction or report