Research indexJournal article
Аналық бездегі гормоналды өзгерістердің артық салмақтың дамуына əсері: патогенезі мен түзету əдістері
Шырынбай, Ілес, Tursunovna
InterConf20 May 2025Open access
NobleIDark:/48914/w1/20261105/176082E6DOI10.51582/interconf.19-20.05.2025.040
Аналық бездегі гормоналды өзгерістердің артық салмақтың дамуына əсері: патогенезі мен түзету əдістері
Шырынбай, Ілес, Tursunovna · InterConf · 2025
NobleIDark:/48914/w1/20261105/176082E6DOI10.51582/interconf.19-20.05.2025.040
Abstract
Мақала əйелдерде семіздіктің дамуына əсер ететін аналық бездегі эндокриндік бұзылыстардың патогенетикалық механизмдерін егжей-тегжейлі талдауға арналған. Эстроген, андроген жəне прогестерон концентрацияларының өзгерістері, олардың зат алмасу мен репродуктивті функцияларға ықпал етуі қарастырылады. Аналық бездің функционалдық бұзылысы (поликистозды синдром, гиперандрогения) инсулинге төзімділік, гиперинсулинемия жəне углевод алмасуының бұзылуына əкеледі, нəтижесінде іш майының жиналуы мен кардиометаболикалық бұзылыстар пайда болады. Эмпирикалық деректер генетикалық бейімділік, тамақтану ерекшеліктері жəне өмір сүру салтының гормональды теңгерімсіздікті күшейтіп, овуляцияның бұзылуына жəне репродуктивті функциялардың нашарлауына себеп болатынын көрсетеді. Мақалада патологиялық жағдайды түзетуге арналған заманауи əдістер баяндалады: өмір салтын өзгерту, инсулинге сезімталдықты жақсартатын жəне антиандрогендік əсері бар фармакотерапия, сондай-ақ морбидті семіздік кезінде хирургиялық араласу əдістері қолданылады. Зерттеу нəтижелері мультидисциплинарлы терапияның метаболикалық профильді қалыпқа келтіру мен репродуктивті функцияларды қалпына келтіруде негізгі рөл атқаратынын жəне асқынулар қаупін төмендететінін айқындайды. Мақала клиникалық маңыздылығы жоғары, себебі терапевтикалық алгоритмдерді оңтайландыруға жəне семіздікпен байланысты күрделі патофизиологиялық процестерді түзетуге ғылыми негізделген тəсілді қамтамасыз етеді.