NobleBlocks

Research indexJournal article

Математика пәнін оқытуда дизайн-ойлау әдісінің интеграциясы: орта мектеп контексіндегі ғылыми шолу

СӘБИТ, ЖЕТПІСБАЕВА

Yassawi Journal of Education Studies30 Sep 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261104/F0194BFEDOI10.47526/3107-3123.419

Abstract

Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі мақсаты – орта мектептерде математикалық білім беруде дизайн-ойлаудың қолданылуын зерттеу және оны қолданыстағы әдебиеттермен салыстыра отырып, шолу жасау. Зерттеу барысында дизайн-ойлау әдісінің математикалық білім беру контексінде қандай тиімділіктері бар екені қарастырылған. Сонымен қатар, зерттеу кезінде дизайн-ойлау, математикалық білім беру, математика, орта мектеп және негізгі мектеп сияқты тақырыптарға қатысты кілт сөздер қолданылды. Зерттеу әдісі ретінде жүйелі әдеби шолу таңдалып, бұл әдіс шолуға қажетті барлық ақпаратты жинақтап, оларды талдауға мүмкіндік береді. Осы жүйелі шолу SpringerLink және Scopus сияқты ғылыми дерекқорлар арқылы жүргізілді, бұл әдіс зерттеудің толықтығы мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін баяндау үшін PRISMA нұсқаулығы қолданылды, ол ғылыми зерттеулерді тиімді талдауға көмектеседі. Зерттеу шеңберінде 2018–2024 жылдар аралығында SpringerLink және Scopus ғылыми дерекқорларынан кілттік сөздер бойынша 1123 мақала іріктеліп алынды. Мазмұндық талдау нәтижесінде қайталанатын және тақырыпқа сай келмейтін материалдар зерттеу базасынан шығарылып, нәтижесінде тек 23 мақала ғылыми сараптауға негіз ретінде таңдап алынды. Орта білім беру деңгейінде дизайн-ойлау әдісін қолдану бойынша зерттеулердің шектеулі болуы – бұл бағыттың білім беру саласындағы жаңалығы мен оның ғылыми-зерттеу тұрғысынан жеткіліксіз қамтылуымен тікелей байланысты. Қазақстанда дизайн-ойлау әдісі білім беру жүйесіне енді ғана енгізіліп келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Соңғы жылдары жекелеген мектептер мен педагогикалық университеттер бұл тәсілді пилоттық жобалар арқылы оқыту процесіне енгізуге талпыныс жасауда. Алайда дизайн-ойлауға негізделген әдістемелік зерттеулер саны шектеулі, бұл оның теориялық және практикалық негіздерін кеңінен зерделеу қажеттілігін көрсетеді. Нәтижелер дизайн-ойлаудың орта мектеп оқушылары арасында маңызды рөл атқаратын негізгі әдіс екенін көрсетеді. Бұл әдіс жаһандану дәуірінде еліміздің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажет болады. Одан бөлек, дизайн-ойлау оқушылардың жеке дамуында, әсіресе математикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруда тиімді құрал болып саналады.

Discussion

More

Suggest a correction or report