Research indexJournal article
STEM-білім берудегі болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік құзіреттіліктерін қалыптастырудағы кітапхана ресурстарының рөлі
ПОЛАТҰЛЫ, ЕДІЛБАЕВ, СЕРИКБАЕВА
Yassawi Journal of Education Studies30 Sep 2026Open access
NobleIDark:/48914/w1/20261104/1ADB1C7ADOI10.47526/3107-3123.413
STEM-білім берудегі болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік құзіреттіліктерін қалыптастырудағы кітапхана ресурстарының рөлі
ПОЛАТҰЛЫ, ЕДІЛБАЕВ, СЕРИКБАЕВА · Yassawi Journal of Education Studies · 2026
NobleIDark:/48914/w1/20261104/1ADB1C7ADOI10.47526/3107-3123.413
Abstract
Бұл мақалада STEM және TVET бағдарламалары аясында болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруда кітапхана ресурстарының ықпалы қарастырылады. Университеттік кітапханалар дәстүрлі ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеушілік мәдениеті мен ақпараттық сауаттылығын дамытатын интеграцияланған академиялық орталық ретінде талданады. Зерттеу үш университеттің «Физика» мамандығында оқитын 114 студенттің қатысуымен жүргізілді. Деректер Ликерттің бес балдық шкаласы негізінде сауалнама арқылы жиналып, SPSS бағдарламасында сипаттамалық статистика, сенімділік талдауы (Кронбах альфа = 0.898) және регрессиялық талдау әдістерімен өңделді. Зерттеу нәтижелері кітапхана ресурстарын жүйелі пайдаланудың студенттердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктеріне елеулі ықпал ететінін көрсетті (β = 0.656; R² = 0.483; p < 0.001). Жоғары нәтижелер ғылыми ақпаратты іздеу мен тақырып таңдауда байқалса, төмен көрсеткіштер STEM-ге қатысты арнайы деректерді қолдану мен кітапханалық семинарларға қатысу барысында тіркелді. Эмпирикалық зерттеу нәтижесінде болашақ басым бағыттар анықталды және оларды дамытуда кітапхана ресурстарын бейімдеу қажеттілігі дәлелденді Алынған деректер негізінде болашақ мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығын, деректерді талдау қабілетін және академиялық жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған «Кітапхана ресурстарын интеграциялау арқылы STEM-TVET жүйесінде ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерді қалыптастыру моделі» әзірленді. Зерттеу қорытындылары STEM саласында кітапхана ресурстарын тиімді пайдалану білім беру тәжірибесін жетілдіруге, студенттердің ғылыми-зерттеушілік мәдениетін арттыруға және оларды ақпараттық қоғам талаптарына бейімдеуге елеулі үлес қосатынын көрсетті. Болашақта кітапханалық ресурстарды жасанды интеллект, деректерді интеллектуалды талдау және қашықтықтан білім беру технологияларымен интеграциялау білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерін жаңа деңгейге көтерудің маңызды бағыты болып табылады.