NobleBlocks

Research indexJournal article

Цифрлық білім беру ортасы құраушыларының жіктелуі

НИЯЗОВА, ДУЙСЕКЕЕВА

Yassawi Journal of Education Studies30 Sep 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261104/A6A59D4FDOI10.47526/3107-3123.56

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінің қарқынды цифрлануы педагогикалық үдерістердің мазмұнына, құрылымына және ұйымдастыру формаларына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Цифрлық білім беру ортасы оқытуда пайдаланылатын қосымша құрал ретінде емес, оқыту сапасын, қолжетімділігін және дербестендірілуін қамтамасыз ететін негізгі педагогикалық-инфрақұрылымдық компонент ретінде қолданылуда. Цифрлық білім беру ортасын ғылыми тұрғыдан түсіндіру, оның құраушыларын жүйелеу, дидактикалық ұстанымдарын айқындау және оқу процесіне енгізу моделін әзірлеу өзекті мәселеге айналды. Бұл мақалада цифрлық білім беру ортасын (ЦББО) теориялық, әдіснамалық және практикалық тұрғыдан жүйелеу мақсатында халықаралық модельдер (SAMR, TPACK, TAM, UTAUT, TTF), сонымен қатар конструктивизм мен коннективизм теориялары талданды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының 2023–2026 оқу жылдарына арналған орта мектеп оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік-нұсқаулық құжаттарына жүргізілген контент-талдау цифрлық құралдар мен платформалардың білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен енгізілуінің логикасын, сондай-ақ цифрлық трансформацияның ұлғаю динамикасын анықтады. Зерттеу нәтижесінде цифрлық білім беру ресурстарының дидактикалық ұстанымдары жүйеленіп, ЦББО-ны оқу процесіне енгізудің үш кезеңнен тұратын авторлық моделі әзірленді: ұйымдастыру, негізгі және талдау кезеңдері. Сонымен қатар, Блум таксономиясына негізделген ЦББО жіктеу ұсынылып, 7- сынып информатика пәні мысалында пәндік деңгейде қолданылуы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері цифрлық білім беру ортасын жобалау, енгізу және бағалау үшін әдіснамалық және практикалық негізде қолдануға болады.

Discussion

More

Suggest a correction or report