NobleBlocks

Research indexJournal article

ЭВТАНАЗИЯНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ:САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУ

АПЕНОВ, НЫСАНБЕКОВА, ЖАЙЛАУ

«Сот төрелігі академиясының хабаршысы»1 Oct 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261105/14856F2CDOI10.63546/3005-2246.2026.15.3.027

Abstract

Мақалада эвтаназияны құқықтық реттеудің халықаралық және ұлттық аспектілері кешенді түрде зерттеледі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі таңда адамның өмір сүруге құқығы, адамның қадір-қасиеті, пациенттің автономиясы және медициналық қызметтің құқықтық шекаралары жөніндегі пікірталастардың халықаралық деңгейде күшеюімен, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің эвтаназияға қатысты құқықтық ұстанымдарының біркелкі болмауымен негізделеді. Қазақстан Республикасында эвтаназияға заң жүзінде тыйым салынғанымен, шетелдік құқықтық тәжірибенің кеңеюімен халықаралық құқықтағы жаңа үрдістер бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қайта қарастырудың қажеттілігін арттырады. Зерттеудің мақсаты – эвтаназияны құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесін, халықаралық ұйымдардың ұстанымдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын салыстырмалы талдау арқылы құқықтық реттеуді жетілдірудің ғылыми негізделген ұсыныстарын әзірлеу. Зерттеу барысында эвтаназияны кешенді зерттеу жүргізуге болатындығы, яғни бұл мәселені тек қылмыстық-құқықтық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар халықаралық-құқықтық, медициналық, социологиялық, діни таным тұрғыларынан да қарастыруға болатындығы анықталды. Қолданылған әдебиеттер жанашырлық ниетпен адам өлтірудің (эвтаназия) даулы тақырып екендігін, яғни бір-біріне қарама-қайшы бағыттағы пікірлер бар екендігін көрсетті. Тиімді нәтижеге қол жеткізу мақсатында мақалада эвтаназия бойынша шет елдердің заң практикаларына шолу жасалады. Оның нәтижесі эвтаназияның барлық түрлерін заңдастырудың арта бастағандығын көрсетті. Жұмыс барысында эвтаназияның халықаралық-құқықтық аспектісіне назар аударылып, халықаралық ұйымдардың жанашырлықпен адам өлтіруді заңдастыруға қарсы бағыт ұстанатындығы анықталды. Мұның себебі адам құқықтарын қорғауды мақсат ететін халықаралық ұйымдардың адамның өмір сүруге құқығы принципіне басымдық беретіндігіне байланысты деген шешім жасалды. Эвтаназия мәселесін жан-жақты зерттеудің нәтижесінде адамның өмір сүруге құқығы және адамның өлімге құқығы ұғымдарының мазмұны ашылды. Құқықтық әдебиеттер адамның өлімге құқығының түсінігін, мазмұнын анықтамаса да, мұндай құқықтың бар екендігі негізделді. Сонымен қатар дәрігердің эвтаназия бойынша құқықтары мен міндеттерінің тізімі ұсынылды. Мақаланың атауынан байқалып тұрғандай, жанашырлық ниетпен адам өлтірумен жай адамдардың да кездесетіндігі ескеріліп, оның дәрігерлік эвтаназиямен ұқсастықтары анықталды.

Discussion

More

Suggest a correction or report