NobleBlocks

Research indexJournal article

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ФОЛЬКЛОР ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Башенова, Тұяқбаев

THE BULLETIN19 Oct 2026Open access

DOI10.32014/2026.2518-1467.1279

Abstract

Мақалада жаһандану үдерісі мен цифрлық трансформация дәуірінде фольклорды оқытудың өзекті мәселелері, оның жаңашыл әдіснамалық бағыттары жан-жақты талқыланады. Зерттеудің негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру процесінде интерактивті әдіс-тәсілдер мен цифрлық технологияларды тиімді пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жүйелеу болып табылады. Қазіргі таңдағы «Индустрия 4.0» технологиялық дамуы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухани-мәдени құндылықтарды сақтау бағытындағы талаптары аясында этнопедагогиканы трансформациялаудың маңыздылығы айқындалған. Зерттеуде дәстүрлі оқыту жүйесі мен цифрлық дәуірдің өкілдері саналатын «Z» және «Альфа» ұрпақтарының ақпаратты қабылдау, өңдеу және игеру ерекшеліктері арасындағы айтарлықтай қайшылықтар талданады. Осы олқылықтарды жою мақсатында авторлар білім берудің жаңа форматтарын ұсынады. Зерттеу барысында Түркия, Финляндия және АҚШ секілді білім беру жүйесі жоғары дамыған елдердің озық педагогикалық тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасалды. Сонымен қатар, «Qonzhyq App», «Masal» секілді мобильді қосымшалардың, сондай-ақ мәдени мұраны дәріптеудегі виртуалды турлардың білім берудегі жоғары дидактикалық әлеуеті мен практикалық маңызы ашып көрсетілген. Зерттеу нәтижелері цифрлық және интерактивті әдістерді фольклорды оқыту үдерісіне кіріктіру білім алушылардың зерттеушілік, сыни ойлау, ақпараттық және шығармашылық құзыреттіліктерін дамытуға елеулі педагогикалық мүмкіндік беретінін көрсетті. Мақала авторлары ұлттық фольклорды жаңа цифрлық медиа құралдары арқылы жаңғырту білім беру сапасын арттырудың және жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігін сақтаудың басты тетігі деген тұжырымға келеді.

Discussion

More

Suggest a correction or report