NobleBlocks

Research indexJournal article

ФУНКЦИЯНЫҢ ТУЫНДЫСЫН ТАБУ ДАҒДЫЛАРЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Капарова, Есенова, Дюсов

THE BULLETIN19 Oct 2026Open access

NobleIDark:/48914/w1/20261118/36968F6DDOI10.32014/2026.2518-1467.1283

Abstract

Мақалада алгебра және анализ бастамалары мен математикалық анализ курстарын оқытуда функцияның туындысын табу дағдыларын ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері арқылы қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Функцияның туындысы тақырыбы бойынша алгебра және анализ бастамалары мен математикалық анализ курстарының арасындағы сабақтастығы талданады. Алгебра және анализ бастамалары мен математикалық анализ курстарын оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері талданып, оқушылар мен студенттердің теориялық білімін тереңдетудегі, қызығушылығын арттырудағы және практикалық дағдыларын жетілдірудегі рөлі анықталады. Мақалада функцияның туындысына GeoGebra, MatLab, Maxima және басқа да математикалық бағдарламаларды қолданудың ерекшеліктері мен артықшылықтары талданады. Ақпараттық технологияларды қолданып, соның ішінде математикалық бағдарламалардың көмегімен оңайлатуға болатын есептер келтіріледі. Ақпараттық технологияларды қолданып функцияның графигін зерттеу, туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіру, есептерді шығару кезінде оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігі мен оқу жетістіктерін арттыру, олардың өздігінен білім алу, логикалық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, математикалық білім сапасын жақсарту мүмкіндіктері көрсетіледі. Функция графигі мен оның туындысы арасындағы байланысты көрнекілікпен көрсету оқушылар мен студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мүмкіндіктері айқындалады. Ақпараттық технологияларды қолдану математикалық білімді жақсы меңгеруге, есеп шығару дағдыларын жетілдіруге, оқушылар мен студенттердің зерттеушілік қабілеттерін дамытуға жағдай жасайтыны негізделеді. Функцияның туындысын табу дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың маңызылығы мен артықшылықтары беріледі. Зерттеу нәтижелері ақпараттық технологияларды қолдану функцияның туындысын табу дағдыларын қалыптастыруға, математикалық сауаттылық пен оқу жетістіктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Discussion

More

Suggest a correction or report