Research indexJournal article
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Сабырбаева, Женсикбаева
THE BULLETIN19 Oct 2026Open access
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Сабырбаева, Женсикбаева · THE BULLETIN · 2026
Abstract
Мақалада жасыл экономика принциптері негізінде оқушылардың экологиялық-географиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі экологиялық мәселелердің күшеюі және «жасыл экономикаға» көшу жағдайында қоғамның тұрақты дамуының негізі ретінде оқушылардың экологиялық-географиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Қазіргі білім беру жүйесі экологиялық ойлауды дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететін тиімді тәсілдерді енгізуді талап етеді. Мақалада экологиялық-географиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту жолдары талданады: білім беру мазмұнына жасыл экономика элементтерін енгізу, жобалық және зерттеу жұмыстары, цифрлық және интерактивті технологияларды пайдалану, оқушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру. Зерттеудің мақсаты – мектеп оқушыларының экологиялық-географиялық мәдениетін «жасыл экономика» қағидаттары негізінде қалыптастыру мен дамытудың тиімділігін теориялық тұрғыда негіздеу. Көзделген мақсатқа жету үшін оқушылардың экологиялық дағдыларын қалыптастыруда жасыл экономика мүмкіндіктері бағаланды. Зерттеу барысында сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау және талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, білім беру үдерісінде жасыл экономика қағидалары арқылы оқушыларда экологиялық ойлауды қалыптастыруға, табиғатқа деген құндылықтық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға болады. Жасыл экономика қағидалары оқушылардың кешенді экологиялық білімдерін тереңдетуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар экологиялық сауатты мінез-құлық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағыт жас ұрпақтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын және тұрақты даму принциптерін өмірде қолдана білуді қамтамасыз етеді. Білім беру үдерісіне жасыл экономика қағидаларын енгізу оқушылардың экологиялық-географиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіні дәлелденді. Алынған нәтижелер оқушылардың сыныптан тыс экологиялық іс-шараларын, конкурстарын, жобаларын және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін.