NobleBlocks

Research indexJournal article

БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЕСЕП ШЫҒАРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жумагулова, Оспанбеков, Нысан

THE BULLETIN19 Oct 2026Open access

DOI10.32014/2026.2518-1467.1293

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесінде оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға және есеп шығару дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық технологиялар белсенді енгізілуде. Осындай бағыттардың бірі жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын жаратылыстану-ғылыми пәндерді, атап айтқанда физиканы оқытуға интеграциялау болып табылады. Осы зерттеу оқытушылардың педагогикалық шеберлігін және студенттердің материалды игеру сапасын арттыру мақсатында «Физикалық есептерді шығару практикумы» курсына нейрондық желіні оқытуды енгізуге арналған. Машиналық оқыту технологиясы үдерісті жеделдетіп қана қоймайды, сонымен қатар мұғалімдерге әрбір студенттің жеке қажеттіліктері мен дайындық деңгейін жақсы түсінуге көмектеседі бұл курстың мазмұны мен оқыту әдістемесін әрбір оқу тобының ерекшеліктеріне икемді бейімдеуге мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде жиналған үлкен деректерді талдау үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану маңызды бағыт болып табылады, бұл оқытудағы негізгі мәселелерді анықтауға және олардың негізінде тиімді білім беру стратегияларын жасауға мүмкіндік береді. Жұмыста осы технологияны оқыту үдерісінде қолданудың әртүрлі тәсілдері, соның ішінде машиналық оқытуға негізделген жүйелер, адаптивті оқытуға арналған алгоритмдер және физикалық үдерістерді модельдеуге арналған құралдар қарастырылады. Оқытушылардың біліктілігін арттыру, олардың әдістемелік шеберліктерін кеңейту, сондай-ақ оқушылармен өзара әрекеттесуді жақсарту сияқты нейрондық желіні біріктірудің педагогикалық дағдыларына ерекше назар аударылады. Технологияны енгізу күрделі жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар студенттердің оларды қабылдауын жақсартады, оқу үдерісін тиімді өткізуге септігін тигізеді. Жасанды интеллект технологияларын болашақ физика мұғалімдерін даярлау бағдарламасына, атап айтқанда, есептерді шығаруға арналған практикумға мақсатты енгізу дәстүрлі оқытуды алмастырмайды, керісінше оның дидактикалық әлеуетін кеңейтеді. Бұл инновациялық білім беру ортасында жұмыс істеуге кәсіби бейімделуді қамтамасыз етеді.

Discussion

More

Suggest a correction or report