Research indexJournal article
КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Аширбаева, Есиркепова, Альжанова
THE BULLETIN19 Oct 2026Open access
NobleIDark:/48914/w1/20261118/B12AEB37DOI10.32014/2026.2518-1467.1294
КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Аширбаева, Есиркепова, Альжанова · THE BULLETIN · 2026
NobleIDark:/48914/w1/20261118/B12AEB37DOI10.32014/2026.2518-1467.1294
Abstract
Зерттеудің мақсаты — климаттың өзгеруінің Қазақстан мен Өзбекстанның орман шаруашылығына экономикалық әсерін бағалау және екі елдегі орман ресурстарын басқару ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Қазіргі жағдайда ауа температурасының жоғарылауы, құрғақшылық пен аптап ыстық кезеңдерінің ұзаруы, жауын-шашын режимінің өзгеруі, су ресурстарының азаюы, жердің тозуы, шөлейттену, орман өрттері және экстремалды гидрометеорологиялық құбылыстар Орталық Азия елдерінің орман шаруашылығы үшін елеулі климаттық тәуекелдер туғызуда. Бұл факторлар орман алқаптарының табиғи жаңаруына, ағаш түрлерінің өсу қарқынына, экожүйелік қызметтердің сапасына және орман шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын шығындарға әсер етеді. Зерттеуде салыстырмалы талдау, экономикалық бағалау, жүйелік талдау және ғылыми әдебиеттерге шолу әдістері қолданылды. Қазақстан мен Өзбекстанның орман шаруашылығы құрғақшылық, су тапшылығы, топырақтың тұздануы мен эрозиясы, шөлейттену, орман өрттерінің қаупі және биоалуантүрліліктің азаюы сияқты факторлар тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары, қаржыландыру тетіктері, жасыл инвестициялар, ормандарды қалпына келтіру және климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиялары салыстырмалы түрде талданды. Экономикалық бағалау барысында табиғи капиталдың құны, қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар және климаттық бейімделу шараларының тиімділігі ескерілді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның орман шаруашылығы үшін негізгі климаттық қауіптердің қатарында орман өрттері мен құрғақшылықтың, ал Өзбекстан үшін су тапшылығының, жердің тозуы мен шөлейттенудің ерекше орын алатынын көрсетті. Климаттық тәуекелдерді азайту үшін ормандарды қалпына келтіру, су үнемдеу технологияларын енгізу, жасыл инвестициялар көлемін ұлғайту, цифрлық мониторинг жүйелерін дамыту және трансшекаралық экологиялық ынтымақтастықты нығайту маңызды. Ұсынылған тәсіл орман шаруашылығын тек табиғи ресурстарды қорғау саласы ретінде ғана емес, сонымен қатар табиғи капиталды сақтауға, тұрақты дамуға және өңірлік экономикалық орнықтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін экономикалық сектор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.